178 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.
Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.
Шараның 1 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 178 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде шығарындыларда ластаушы заттардың белгіленген нормативтен асып кететін 2 автокөліктер анықталды(ӘҚБтК-нің 334 б.), жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 2 дерегі (ӘҚБтК-нің 571/2 б.), көлік құралын заңсыз жабдықтау бойынша 9 әкімшілік хаттамалар рәсімделді (ӘҚБтК-нің 590,7), техникалық байқаудан өтпеген 13 жүргізуші (ӘҚБтК-нің 590,9 бабымен) әкімшілік жауапқа тартылды, ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1 бабы) - 44 дерегі, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеуді бұзудың 5 дерегі (ӘҚБтК-нің 590,8), маневр жасау қағидаларын бұзған 29 жүргізуші анықталды (ӘҚБтК-нің 595бабы), көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша - 15 дерегі анықталды (ӘҚБтК-нің 612,1-бабы).
Барлық заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі