Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 212 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

212 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

  Облыс әкімінің 2017-2018 жылдардағы арналған Қызылорда облысы бойынша автомобиль көлігімен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды дамытуына бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мен қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 27-нен наурыз айының 1 күндері аралығында облыс аумағында ОІІД Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция қызметі, Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөліністерімен, Кірістер департаменті және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, «Автобус» профилактикалық іс-шарасының өткізілді.
Іс-шара барысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, жоспардан тыс және жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу үшін көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықталды.
Іс-шараның барысында автобус жүргізушілерімен барлығы 212 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабымен(көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 15 автокөлік, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабымен (көлік құралын тиісті құжатсыз басқару) 18 жүргізуші құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару дерегі анықталып, автокөліктер айып алаңына қойылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабымен11 жүргізуші жылдамдықты асырып көлік басқарса, ҚР ӘҚБтК-нің 590.7-бабымен 3 жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған.
ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен, яғни жаяу жүргіншіге жол беру қағидатын бұзғаны үшін 7 автобус жүргізушілеріне әкімшілік хаттама рәсімделіп, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру бойынша -1 дерек анықталды.
                                                                                      Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
05 наурыз 2018 ж. 1 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 083 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам