Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 500 және 1000 теңгелік банкноттарды қабылдамаса не істеу керек?

500 және 1000 теңгелік банкноттарды қабылдамаса не істеу керек?

   Ұлттық банк  500 және 1000 теңге номиналындағы банкноттарды қабылдаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынатынын ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады. Оларды төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға міндетті. Егер кәсіпкерлер мұндай ақшаны қабылдаудан бас тартса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес, ескерту жасалады. Егер жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, онда 5-тен 25 АЕК (1 АЕК – 2651 теңге) көлеміне дейін айыппұл салынады»,– деп хабарлады Ұлттық банктен. Мұндай шағыммен азаматтар Ұлттық банктің ең жақын бөлімшесіне жүгіне алады. Олар қажетті шараны қолданады. Сондай-ақ Ұлттық банктің хабарлауынша, «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналып, 2013 жылы шығарылған 1000 теңгелік банкнот – заңды төлем құралы. Ол төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануы тиіс. Банкноттар тек әбден тозған жағдайда айналымнан алынады. Екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банкноттарды қабылдаудан, айырбастаудан бас тартса, оларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. «Ақшаны алмаған жағдайда мұны видеоға түсіріп, не болмаса сізден бұл ақшаны қабылдай алмайтынын жазбаша жазып беруін талап етіңіз», — дейді Ұлттық банктегілер. 500 теңгелік банкноттар 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда болады.
17 қаңтар 2020 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам