Мұғалімге тіл тигізгеннің айыппұлы қанша?

Жеке тұлғалардың педагогке тіл тигізгені үшін отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
егер жыл ішінде қайталанса, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады;
Кәмелетке толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
егер жыл ішінде қайталанса, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
Педагогті өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны үшін ескерту беріледі; егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айыппұл салынады;
Қарастырылмаған есептілікті талап еткені үшін ескерту беріледі;
егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген тексерулер жүргізгені үшін ескерту беріледі,
Егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;