Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қыздың басын кесіп алған қармақшылық жігіт неге түрмеге емес, жындыханаға жіберілді?

Қыздың басын кесіп алған қармақшылық жігіт неге түрмеге емес, жындыханаға жіберілді?

   «Қызылордалық Назерка Бекжанованы өлтірді» деп айыпталған қармақшылық Бекенов неге түрмеге емес, жындыханаға жіберілген? Бұл сауалымызға Қызылорда облысы прокуратурасы басшысының орынбасары Батырбек Нұрмағанбетов жауап берді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. сайты. 
Естеріңізде болса, басы кесілген қыздың денесі 2018 жылдың күзінде Сырдарияның жағасынан табылған болатын. Оның қасында кеудесінен және қарнынан пышақ жарақатын алған жігіт жатқан.
Кейін сол жігіттің өзінің таныс қызын қатыгездікпен өлтіргені анықталды. Прокурор ер адам қызға үш рет пышақ сілтеген, одан кейін басын кесіп, оны оқиға орнынан он метр жерге лақтырып жіберген дейді. Істі осылай тындырған жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болып, артынан хат жаздырып қалдырған. Ол хатында қыз екеуін бір жерге жерлеуді өтініпті.
Жігіт ауруханаға жеткізіліп, аман қалады. Қыз да, жігіт те 1990 жылы Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылында туған. Трагедия болған кезде екеуі де Қызылордада жұмыс істеген. Қыз Тасбөгетте туыстарында тұрған.
Тергеу кезінде анықталғандай, марқұм Назерке күдікті Бекеновке үйленуден бас тартқан. Қыздың Бекеновке тұрмысқа шығудан бас тартуы жігіттің оны өлтіруіне себеп болған.
Жақында мамандар жас жігіттің шизофрениядан зардап шегетінін анықтады. Бұл диагноз оның түрмедегі жазадан құтылуына мүмкіндік беріпті. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін еді. Алайда, қазір ол психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберілуде.
«Нәтижесінде, Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына сәйкес, яғни ерекше қатыгездікпен кісі өлтірген Бекеновты ауруханалық психиатриялық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады», деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасы басшысының орынбасары Батырбек Нұрмағанбетов.
Естеріңізде болса, бұған дейін қоғамды дүр сілкіндірген атышулы істің соңғы нүктесі қойылып, қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілгенін хабарлаған едік.
17 қаңтар 2020 ж. 1 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам