Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада сүйіктісін қатыгездікпен өлтірген жігіт қамалмайтын болды

Қызылордада сүйіктісін қатыгездікпен өлтірген жігіт қамалмайтын болды

  Қызылордада сүйіктісін пышақтап өлтіріп, басын кесіп алып, айдалаға лақтырып жіберген жігітке қатысты сот үкімі шықты. Оны түрмеге емес, психикалық емдеу орталығына жіберіледі. Судья жігіттің жантүршігерлік қылмыс кезінде өз әрекеттеріне жауап бере алмайтын күйде болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Адам шошырлық жағдай осыдан 7 ай бұрын қала маңындағы Тасбөгет кентінде орын алған. 27 жастағы жігіт сүйіктісімен жанжалдасып қалып, көлігінің ішінде оны үш жерден пышақтаған. Артынша 22 жастағы қыздың басын кесіп алыпты.
Мұнан кейін жігіт өзін өлтірмек болып, өзін де бірнеше жерден пышақтаған екен. Мұндай сұмдық қылмысқа барған жігіт қаладағы оқу орындарының бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен.
«Шыңғыс Бикенов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағында көзделген «Қылмыстық әрекетті есі дұрыс емес күйде жасауына» байланысты ҚК-ның 16-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Оған қатысты психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу қолданылды», - дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Әл-Фараби Жақсылықов.


29 мамыр 2019 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам