«Жолда қабылдау» акциясы өтуде
Қызылорда өңірінде республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Облыстық полиция департаментінің, Әкімшілік полициясының басшылығы, сондай-ақ қалалық полиция басқарма мен аудандық полиция бөлімдерінің басшылары белгіленген орындарда азаматтарды қабылдауда.
Тұрғындар таңертеңнен бастап өткізу орындарында және тікелей "жедел желі бойынша" акциясына белсенді қатысып, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеумен байланысты, Еуразиялық экономикалық одақ (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Армения Республикасы) аумағында тіркелген көлік құралдарын Қазақстанда әкелу және пайдалану тәртібіне қатысты, сондай-ақ полициямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар бойынша оларды толғандыратын сұрақтарға қажетті жауаптарын алды.
Ресей Федерациясынан келген автокөлікті тіркеу тәртібіне қатысты сұрақтармен облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны жүгінді. Оған мазмұнды заң көмегі берілді.
Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан әкелінген көлік құралдарын әкелінген көлік құралдарын тіркеу келесі құжаттар тізбесін ұсыну кезінде жүзеге асырылатынын атап өтті:
- жеке куәлік;
- Салық кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлегенін растайтын құжаттар;
(Салық кодексінің 615 – бабына сәйкес: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бергені үшін – 1,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бергені үшін - 2,8 АЕК; Салық кодексінің 553-бабына сәйкес көлік құралын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін);
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген Көлік құралдарын бастапқы тіркеу (кәдеге жарату) кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауы;
- көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат, оларға мыналар жатады: сатып алу-сату шарты, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжат, айырбастау шарты, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған сыйға тарту;
-көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (сертификаттау саласындағы аккредиттелген зертханалар береді).
Бұдан басқа, бұл КҚ бұғаттауға қарсы тежегіш жүйесі,алдыңғы қауіпсіздік жастықтары, ISOFIX бекіту жүйесі, күндізгі жүріс оттары болуы тиіс («Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің» 2015 жылғы 26 наурыздағы №342 бұйрығына сәйкес).
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі