Байқоңырда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің (әрі қарай-Өкілдік) қызметкерлерімен 2019 жылдың тамыз айының 16-17 күндері Төретам кенті Жанқожа батыр көшесі бойында орналасқан теміржол аумағында және Ақай ауылдық округі Абай көшесі бойында орналасқан әкімдік ғимаратының алдында арнайы бөлінген автобуста азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.
«Жолдағы қабылдауда» екі күн ішінде 144 өтініш келіп түсті, бұл ретте олардың ішінде 66,6% (96) жол жүрісін қамтамасыз ету және 33,3% (48) көші-қон заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты болды.
Жол қауіпсіздігі саласындағы сұрақтардың неғұрлым көп саны ЖЖҚ бұзушылықтар үшін айыппұлдар төлеу тәртібі бойынша (жалпы санының 10,4% немесе 10), автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу (25% немесе 24), жол жүрісін ұйымдастыру (18% немесе 18), жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру (28% немесе 27) бойынша болды. Сондай-ақ, азаматтар автокөлікті қайтадан жабдықтауды рәсімдеу тәртібіне, қарауға рұқсат құжаттарын беру мәселесіне (36,4% немесе 35) қызығушылық білдірді.
Акция барысында, осы бағыттағы құқықтық түсіндіру жұмыстарының жетілдіру, халыққа әкімшілік айыппұлдарды ерікті, оның ішінде қысқартылған іс жүргізу шеңберінде төлеу тәртібін, айыппұлдарды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі арқылы онлайн қарап көру және төлеу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап, тіркеу-емтихан бөліністерін Мамандандырылған ХҚКО-на және сондай-ақ теориялық және практикалық емтихандар өткізу жөніндегі функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына тапсырылуына байланысты, жүргізуші куәліктерін беру мәселесі жөніндегі тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі