Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұлтын сүйген ұл

Ұлтын сүйген ұл

 Кешегі ашаршылық пен қуғын-сүргін қай қазаққа оңай тиді дейсің, жан-жаққа тарыдай шашып жіберді. Сол саясаттың құрбаны Айдар Құбайбергенұлы өскен жері Өзгенттен Ташкент облысы Шыназ ауданынан бір-ақ шықты. Іскерлік қабілетімен колхоз ұйымдастырып, елден келген ағайынды қанатының астына алды.  Ағаның шарапатын көрген інілерден ізгі жастар суырылып шықты. Солардың ішінде бір-бір колхозға жетекшілік жасаған Ешан Шамшидинұлы, Сатыбай секілді белді азаматтар бар. Ал, кіндігінен шыққан  Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Тұрсынхан Құдайбергеновтың өзі неге тұрады.
Өкініштісі, Айдар өмірден ерте өтті. Баласының бүгінгідей биігін көре алмай кетті. Өйткені ол әкеден жастай қалған еді. Дегенмен Айдардың жақсылығы үшін осы баланы қалайда арқалы азамат қыламын деген ой Ешанның жадында жүрді.  Оның да сәті түсті, бірақ оған ұзақ уақыт емші еді.
Кездейсоқтық па, әлде тағдырдың айдауы ма Ешан (Есжан) Шәмшидинев басқаратын колхозға Мәскеуден  Владимир Григорьевич Грищук  деген қызметке келді.  Ол Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясын бітірген. Жолдамасы Өзбекстанға, оның ішінде Ешанға тап келіпті. Мұндай сәттілікке қуанып,  колхоз бастық жетектеп үйіне алып келді. Бала орнына өкіл бала болсын деп  кемпірі екеуі бауырына басып,  төрден орын берді.
Ешанның қыздары бар, ал, ұлға деген құштарлық сезім өте биік еді. Маңдайға жазған бағына билік пен береке бергенмен, тағдыр бір ұлға тарлық жасады. Сол ақсап тұрған аңсарды Владимир толтырғалы тұр.
Атақ-даңқы алысқа кеткен Ешан да осал кісі емес. Еңбегі жанған ердің бірі. Үлкен колхоз ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Бірде-бір өзбек алдын кесіп өтпейді, акалап тәк тұрады. Міне, сол Ишанға орыстың баласы өкіл болып отыр.
Бірде бажасы Сатыбай келіп, сәкіде екеуі сырласты. –Есеке, мына баланы зоотехник етіп қойыңыз. Көзінен от көрдім. Өсетін бала ғой, – деді ол.
    Олай ойласаңыз, жасайын, –деп бажасы ұсынысты құп көрді.
Ұсыныс орындалды. Жап-жас жігіт күтпеген жерден зоотехник болды да шықты. Өзі қала баласы бола тұрып, дала жұмыстарына епті екен. Ферманың  қолқаны қапқан күлімсі исіне мұрны тыжырайған жоқ, бұрыннан бері сол ортада бейнет кешіп жүргендей  сіңісті де кетті. Мұнысы Есекеңе ұнады.  Вадимнің көпшіл мінезі,  тез тіл табысқыш қасиеті колхоз адамдарына жақсы пікір қалыптастырды. Ел оны «Есекеңнің баласы» атап кетті.
Жаздың жайма шуақ күнінде Сатыбай мен Ешан тағы ұшырасты.  Тағы да Вадим жөнінде әңгіме шертілді.
   Мына балаң жаман болмады. Жауапкершілігі де бар, қызметке адал, елмен етене араласып жүр. Есеке, ендігі жерде оны райкомның  партиялық ұйымдастыру бөліміне меңгеруші етіп жіберсеңіз дұрыс болар еді...
    Солай еткен дұрыс дейсің бе? Партиялық жұмыста ширағаны жөн ғой.  Қызметі өскеніне мен қарсы емеспін, ендеше бір амалын іздеп көрейін, –деді Ешан.
Владимир Григорьевичтің жолы болды. Құдайдың оң көзі ма, жоқ, бақ па, ол Ташкентке келгеніне таңданыс білдіреді. Лезде қызметі жоғарылап, райкомнан бір-ақ шықты. Енді бұрынғыдан бетер ынта-ықыласы ауып, қызметтік мансабын адал атқаруға машықтанды.
Вадимді шығыс халқының дәстүрі, өзара сыйластық қатынасы қызықтырды. Жаңа үрдіске беріліп, қыр-сырын меңгеруге талаптанғыш. Үлкенді құрметтеу, оған сәлем беру, қолына су құю, шәй ұсыну секілді салт-санаға сергек қарап, жолынан жаңылмайтын деңгейге көтерілді.
Бір күні Мәскеуден  «тез жет» деген хабар келді. Ол шұғыл жиналды. Әке-шешесі шақыртқан шығар деп ойлады Ешан.
Оны Орталық комитет шақыртқан екен.  Кадрлық резерв бойынша Орта Азия республикаларына маман дайындау талабымен оны стажировкаға алды.
Жасыратыны жоқ, кеңестік кезеңде одақтас республикалар Мәскеуге бағынысты болатын. Сол негізбен республиканың басшылық органында орталықтың бір «адамы» идеологиялық қызметте істеуі тиіс. Владимир Григорьевич Грищукке жақсы мінездеме берілгені арқау болды ма, әлде «көкелерінің» көтермелеуі ме, оны Өзбекстанға дайындау мәселесі қолға алынды. Бірақ ол жайлы құпия ұстау қажет болды. Сондықтан Есекең «баласынан» біраз уақыт көз жазып қалды. Өзі зейнетке шыққан соң ел құрметімен колхоз «Ишанабад»  аталды. Кезіндегі кедей колхоз Есекеңнің уақытында дәулетті ұжымға айналды. Міне, еңбектің зейнеті бәлкім осы шығар.
Владимир Григорьевич КПСС  Орталық комитеттің келісімімен Өзбекстан Республикасы Орталық комитетінің екінші хатшысы болып тағайындалды. Бір кездері зоотехник, райком қызметкері болған азаматтың республика басшылығына келуі көпшілікке таңданыс тудырды. Қызметке орналасқан соң ол әкесін іздеуге шықты. Ешан әкесі Вадим баласын мейірлене сүйді, сенімін ақтап, өсіп келгеніне қуанды.
Әке, –деді ол, – маған қандай тапсырмаңыз бар?
 Шүкір құдайға, менде бәрі жеткілікті. Тек бір ғана өтінішімді орындасаңыз...
Айта беріңіз, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
 Олай болса, мына қолға су құйып жүрген Тұрсынхан деген азамат. Әкесі мықты кісі еді. Қазір Айдардың атында колхоз бар.  Бір өкініштісі, өмірден ерте өтті, – деді Ешан.
 Тұрсынхан не жұмыс жасайды?
  Низами атындағы Ташкент педагогика институтынан  кейін мұғалім болып орналасты.
  Дұрыс екен, –деді де Вадим Тұрсынханға бұрылып:  –Қай жылғысың? –деп сауал қойды.
      –20 мамыр 1951 жылы туылдым.
–Нағыз дер шағыңда екенсін, 23 жас деген тепсе темір үзетін уақытың. Так... Милицияда істеуге қалай қарайсың?
–Егер мүмкіндік болса, қарсылық жоқ.
  Онда бір жолын қарастырайын, –деп Грищук орнынан тұрып, кетуге рұхсат сұрады.  Ешан әке батасын беріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Жоғарыдан пәрмен болса, іс өздігінен жүре бастайды.  1974 жылы Тұрсынхан Құдайбергеновты Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қызметке алды. Жанам деген жігітке от беремін дегендей, бұл қызмет Тұрсекеңнің бағын ашты.
Ол 1982 жылы КСРО ІІМ академиясына оқуға барды да бітірген бойда   алдымен Хорезм, сосын Ферғана облыстық ішкі істер департаментін басқарды. Өңірде қоғамдық тәртіпті күшейтуде ол көп   еңбек сіңірді. Әсіресе, Ферғана облысында қоғамдық толқу өршіп тұрғанда халықтық наразылықты басты. Тұрсынханның талапшыл принципі экстремистік ұйымдарының айтақтауымен халықтық демонстрацияны басты. Бұл бағыттағы қызметі ел Президентінің назарына ілікті. Соның ықпалы болар, 2001-2006 жылдары Өзбекстан Президенті И. Каримовтың құқық қорғау және бақылау органын үйлестіруші мемлекеттік кеңесшісі болды. Ішкі істер органынан бірден мұндай биік постыға бару күтпеген жағдай. Дегенмен Ислам Әбдуганиұлының сенімінен шығып, өзін білікті басшы ретінде танытқаны тектілігі де болар. Бір қызығы, ұлтшылдық мәселесі басым мемлекетте жүрсе де  Тұрсынхан Айдарұлы құжатындағы «қазақ» деген ұлтын өзгерткен емес. Мұнысы ұлтын сүйген ұл екенін байқатса керек.
 Генерал Тұрсынхан Айдарұлын 2010 жылы Төтенше жағдайлар министрі етіп тағайындады. Министрлікті табаны күректей жеті жыл  басқарды. Құрметті демалысқа шықты. Бірақ жақсы қызметкерді кім жібергісі келеді?
 Ел Президенті алмасып, мемлекет басына Шавкат Миримонович Мирзиеев отырды. Жаңа Президент те Тұрсынханды жанына алды. Сөйтіп, мемлекеттік кеңесші етті. Бұл жолы ол жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды үйлестірді және бақылау жасады. Және министр қызметін жалғастырды. Шетте жүрген шенді қандасымыздың қызметтік мансабы осылай. Ал, оның отбасылық өмірі де өнегелі. Кіндігінен үш ұл және қызы бар. Олардан немере сүйіп отыр.
Қаныбек ӘБДУОВ, журналист.
18 қаңтар 2020 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам