Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу қанша тұрады?

Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу қанша тұрады?

  Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу үшін қанша ақша керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұраталиевтің айтуынша, шетелдік көліктерді тіркеу құны 500 000 теңгеден 4 миллион теңгеге дейін барады. "Тіркеу сомасы көліктің қашан, қай жылы шыққаны, қай елден әкелінгеніне байланысты. Сондай-ақ, шетелден әкелінген көлік кеден тексерісінен өтуі керек. Бірақ стандартқа сәйкес емес көліктерді тіркеу мүмкін болмады. Мысалы, көлікте қауіпсіздік жастығы болмаса, ол тіркелмейді. Ондай көліктерді бөлшектеп сатуға болады", - деді қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев. Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек? Таяуда Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасаған болатын. Министрлік шетелде есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған еді. Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Армения және Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер күн сайын көбейіп барады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жеткізілген. Армения және Қырғызстан автомобильдеріне қатысты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында оларды пайдалану бойынша қатаң шектеулер бар екенін айта кету керек.

19 қаңтар 2020 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам