Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстаннан мал шығаруға толығымен тыйым салынды

Қазақстаннан мал шығаруға толығымен тыйым салынды

  Министрліктің мәліметінше, тірі малды жаппай экспорттау ет өнімдерінің қымбаттауына негіз болып тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі малды экспорттауға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратынша, тірі малды жаппай сыртқа шығару ет өнімдерінің қымбаттауына негіз болып тұр.

Сондай-ақ, бұл отандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесінің төмендеуіне әкеп соқты. Мәселен, былтыр ет өңдеу кәсіпорындары өз қуатын толық пайдалана алмаған. Оған тірі мал экспортының салдарынан шикізат тапшылығы себеп болған.

"Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, министрлік алдында қайта өңделген өнім экспортын 2,5 есеге арттыру міндеті тұр. Осыған байланысты, бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарының өтінішін ескеріп, ауыл шаруашылығы мен қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді. Аталған бұйрық тек төлдейтін малдың ғана экспортын уақытша шектейтін. Жаңа өзгерістер барлық тірі ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малды басқа елдерге шығаруға (экспорттауға) толығымен тыйым салады", - делінген хабарламада.
Тиісті құжат жобасын салалық сараптама ұйымдары мен облыс әкімдіктері қолдап, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы оң қорытындысын берген. Сондай-ақ, сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия да мақұлдаған.

"Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде", - деп хабарлады министрліктен.
20 қаңтар 2020 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 436 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам