Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы

Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы

   Көпбалалы аналарға жаңа жәрдемақы енгізілгеннен кейін, 1-3 баласы барлар да мемлекеттен көмек болса деген өтініштерін білдіре бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы емес отбасыларға жәрдемақы төлене ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгіздік. Қазір оны 370 мың отбасы алып жатыр. Енді төрт баладан аз, бір, екі, үш баласы барлар да бізге де сондай жәрдемақы берілсе деген өтініштерін білдіріп жатыр. Қазір министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны есептеп жатырмыз. Бірақ, бұл мәселе, қаржы мүмкіндігіне байланысты", - деді Нұрымбетов мәжілісте өткен кездесуде.
Айтуынша, жаңа жәрдемақыны алатын 370 мың отбасының 125 мыңы тұрмысы төмен жанұялар. Ал бір, екі, үш балалы тұрмысы төмен отбасылардың саны 190 мың. Қазақстан бойынша 1-3 баласы барлар саны 2 миллион 904 жанұя . Яғни, он бес есе көп, деп жалғастырды министр.

"Сондықтан ол он бес есе артық қаражатты талап етеді. Екіншіден, дәулетті, жағдайы жақсы отбасыларға осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па, ол да үлкен сұрақ. Сондықтан біз әлі ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ, оның бәрін қарап жатырмыз", деп сендірді ол.


30 қаңтар 2020 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам