Студент күткен стипендия

– Қаңтар айының шәкіртақысы қолымызға тиіп үлгерді. Нақты айта кетсем, бакалавриат 20949 теңгеден 26186 теңгеге, магистратура 53530 теңгеден 66913 теңгеге, докторантура 81998 теңгеден 102492 теңгеге өсті. Шәкіртақыны өзім студентті ынталандыру деп есептеймін. Бүгінде оқимын деген жастарға барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысының жастар жылының қорытынды жиынынындағы баяндамасы осыған айқын дәләл. Студент достарымды белсенді болуға шақырамын. Білім мен белсенділік – жарқын болашаққа баспалдақ болмақ. Қазір IV курс студентімін. Алла амандығын берсе, қолыма диплом алып, маман атанар күн де алыс емес. Студент достарым «Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін» деген қағиданы жадында сақтаса игі еді. Себебі, егемен елдің тұтқасын ұстайтын біздер, – деді Бақытжамал Нұрланқызы.
Бауыржан ҚОЖАНТАЙ