Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жанармай бекетінде бензинді аз құяды – жүргізуші не істеуі керек

Жанармай бекетінде бензинді аз құяды – жүргізуші не істеуі керек

  Маман жанармай бекетінде бензинді аз құйғанын қалай білуге болатынын айтты. Ол бекет қызметкерлері 1-2 литрге дейін үнемдеп қалуы мүмкін екенін айтады.
Жүргізуші бензиннің ақысын төлеп жатқан кезде жанармай бекетінің қызметкерлері екі литрге дейін бензин үнемдеп қалуы мүмкін.
“Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тексерілген бекеттерді таңдау керек. Алайда бұл кезде де алдамайды деп анық айтуға болмайды. Колонкалардағы бензинді есептейтін құрылғылар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Мұндай кезде құрылғы сіз төлеген литрді көрсетсе де, шын мәнінде 1-2 литр аз құюы мүмкін”, – деді РИА Новостиге көп профильді холдинг директоры Дмитрий Гелемурзин.
Кейде бензин құятын адам жүргізуші көрмей тұрғанда шлангадағы бензинді әдейі ұстап қалуы мүмкін.
“Сондықтан процесті қадағалап тұру каерек. Қызметкерлердің әрекетіне мұқият қараңыз”, — деді ол.
Сарапшы көліктің техникалық сипаттамасы мен бак көлемін нақты білуге кеңес берді.
“Еуропалық көліктерге бірқалыпты құйса, өзгелерге қарағанда көбірек бензин сияды. Жапониялық көліктерде бұл көрсеткіш – он процент шамасында. Ресейлік маркаларда 15%”, – деді Дмитрий Гелемурзин.
Ол көлік өндірушілер жанармайдың “қосымша қорын” қарастыратын алға тартты. Бұл қор шам жанған кезде жақын маңдағы жанармай бекетіне дейін жетуге мүмкін береді. Сондықтан маман ұзақ жолға шыққанда ғана толық бак бензин құюға кеңес береді. Ал қалада көліктің желдету жүйесінің функциясына кедергі жасамаған жөн. Бұл функция қызған кезде жанармайдың кеңеюі үшін керек.
02 ақпан 2020 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам