ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ МА?
Жаз айында жанармай қайта қымбаттауы мүмкін. Республикамыздағы бағалардың өсуі Ресейде отын жетіспеушілігін тудырады.
Көрші елде отын қат болып жатыр. Ресейдегі қымбатшылықтың әсері Қазақстанға да әсер етеді, деп хабарлайды 31 арна.
Көтерме саудагерлер жанармай көлемін қысқартып қойды. Желтоқсан айында 60 мың тонна болса, наурыз айында 20 тонна ғана болды.
«Меніңше, көтерме сауда бағасы жекелей сауда бағасымен тең болып, баға арта түседі. Кей мәліметтер бойынша, бензин Ресейде жаз айынан бастап қымбаттайды. Литрі 30 теңге болуы мүмкін. Қазақстан Ресей импортына тәуелді болғандықтан ондағы қымбатшылық тікелей әсер етеді», – дейді Ресейдің тауар нарығындағы Кеңес басқармасының төрағасы Илья Мороз.
«Бұл Қазақстандағы отын қорына, Ресейден бензинді қаншалықты алдыратыныа байланысты. Меніңше, жаз айында бензиннің литрі 30 теңгеге қымбаттайды», – дейді мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов.
Шымкенттегі мұнай өндіру зауыты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмысын тоқтатады. Жанармайдың қымбаттауына бұл да әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда қазақстандықтар бензин тапшылығына ұрынады. Сондықтан шенеуніктерге мұнай зауытын салуды қолға алуға тура келеді.
Алайда Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл отандық бензин мен дизельмен қамтамасыз ету жұмысы 90 пайызға дейін өседі. Осылай болған жағдайда Қазақстандағы қымбатшылық болмауы керек. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
http://stan.kz