Керімбекова жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Ақбота Керімбекова өзінің қыр соңынан қалмай жүрген ер азаматтар жайлы айтып, көпшілікті қандай қасиетінің арқасында баурап алатынын жеткізді.
"Сындырайын, сынып қалсын деген ой жоқ менде. Қандай бар солай қабылдағанды ұнатамын. Құдай берген болмысым осы, мінезім өзі. Поклонник көп, соған қарағанда бар шығар бірдеңем сындыртатындай" , - деді өнер иесі.
Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы төртінші мәрте тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын білдірді.
"Төртінші рет шықсам да ол менің жеке өмірім. Күллі Қазақстанда мен ғана сияқтымын осы үш рет тұрмыста болған" , - деп қысқа қайырды әнші.
Эстрада өкілі қазіргі таңда жалғыз емес екенін жасырмай айтты. Соған қарағанда Керімбекованың жүрегі бос емес көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова кімді әнші ретінде мойындамайтынын айтқан болатын. Оның тізіміне Сиви Махмуди, Асхат Тарғын мен Абай Бегей кірген.