Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды

Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды

   Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агентігіне сілтеме жасап.
Pegasus Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Измир-Ыстанбұл бағытында ұшқан. Қонғаннан кейін лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дереу сөндіріп үлгерді. Жолаушылар эвакуацияланды. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен. Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Жахит Турханның айтуынша, ұшақ бортында 177 жолаушы (екі боланы қосқанда) және алты экипаж мүшесі болған. Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, зардап шеккен 179 адамға медициналық көмек көрсетілді, оқиға кезінде үш адам қайтыс болды. Қазір ұшақ апатын тергеу басталды. Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын.

06 ақпан 2020 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 201 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам