Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Көмек еріктілері» клубы құрылды

«Көмек еріктілері» клубы құрылды

 Еріктілер жылы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында «Көмек еріктілері» клубы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еріктілер қозғалысы 7-12-сынып білім алушыларынан құралған. Олар негізгі бес бағыт бойынша жұмыс атқармақ. Мәселен, «педагогтар» пән мұғалімдерімен бірлесіп, үлгірімі төмен оқушыларға көмек көрсетсе, «медицина қызметкерлері» оқушылар арасында түрлі профилактикалық шараларды жүргізуге жәрдемдеседі. Эколог-волонтерлар тобы мектептің «Қысқы бағында» бөлме гүлдерді отырғызу жұмыстарын жүргізсе, «кітапханашылар ұйымы» мектептің кітаптар қорын реттеу, санын ұлғайту және кітапхана пайдалану ережелері туралы ақпараттандыру шараларын ұйымдастырмақ. Сонымен қатар, «асханашылар» тобы оқушылардың тамақтану режимін дұрыс орындалуын қамтамасыз етуде қажетті көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта еріктілер клубына 100-ге жуық оқушы мүше болуға ұсыныс білдірді. Алдағы уақытта жоспарланған шараларды жүзеге асыру арқылы өзге оқушыларды волонтерлыққа тартуға және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға ықпал ету көзделуде. «Көмек еріктілері» клубының мақсаты - оқушыларды әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан тәрбиелеуге, отансүйгiштiкке баулу, мамандық тандаудағы кәсіби бағыт бағдар беруге бағытталған. Айта кету керек, бүгінде елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы белсенді жұмыс жасайды, олардың 50 мыңнан аса белсенді еріктілері бар.

08 ақпан 2020 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам