Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚАРТТАРҒА КІТАП СЫЙЛА!»

«ҚАРТТАРҒА КІТАП СЫЙЛА!»

    Кітаптың құндылығы оқырманның бойына рухани азық қалдыруында.  Осы орайда, 23 сәуір бүкіләлемдік кітап күні болып белгіленген. Биыл 23 рет аталып өтетін бұл аталмыш күнде, қызылордалық жастар да өз үлестерін қосты. «Жылы Жүрек» жастар еріктілер тобы қаламыздағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне 171 кітап сыйға берді.  Жастардың негізгі мақсаты қарттардың бос уақытын тиімді пайдалануға аз да болса өз үлестерін қосып, өзге де қала тұрғындарын осы акцияға белсене қатысуға шақыру болатын.
Гүлсезім Саматқызы, ерікті:
  • Біздің бұл алғашқы ұйымдастырып отырған шарамыз емес. Осыған дейін де қала тұрғындарымен бірге бірнеше акциялар ұйымдастырдық. Міне, бүгін бүкіләлемдік кітап күнінде де жастар белсенділік танытты. Жалпы кітап жинауды 6 сәуірден бастадық. "Жылы Жүрек" жастар еріктілер тобының атынан арнайы 11 кітап табыстадық. Көмек қолын созып, көмек көрсеткендер көп болды. Біз үшін қала тұрғындарының қайырымдылықты жарыса жасайтындығы қуантады.
Еріктілер қарттарға тек кітап сылаумен шектеліп қана қоймай, салтанатты концерттік бағдарламамен жалғады. Осы топтың жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы құттықтау сөзін сөйлесе, жастар қарттардың көңілін бір серпілтіп қайтты. Жүректері жылылыққа толы жастар алдағы уақытта да осындай шаралардың өз жалғасын табатындығын атап өтті.
23 сәуір 2018 ж. 2 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам