Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Белгілі қызылордалық дінтанушы Қордайдағы жанжалға байланысты халықты сабырға шақырды

Белгілі қызылордалық дінтанушы Қордайдағы жанжалға байланысты халықты сабырға шақырды

    Белгілі қызылордалық дінтанушы Бақтияр Оспанов Қордайдағы жанжалға байланысты халықты сабырға шақырды.
«Біз көбінесе ұлтқа бөлініп кетеміз. Дұрыс, негізгі құраушы ұлт – қазақ халқы. Оны мойындауымыз керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен арнайы мереке ретінде тойланып келе жатқан Алғыс айту күні біздің халықтың мерейін үстем етіп бергені жасырын емес. Сол мерейімізге дақ түсіріп алмауымыз қажет. Ел болғаннан кейін әртүрлі жағдай болады. Біздің бабаларымыз қаншама ғасыр бойы қиыншылықты басынан кешірді. Бабаларымыздың әр уақытта өзінің ұстамдылығымен, сабырлығымен, даналығымен, ауызбіршілікпен елді ұстап отырғанын ұмытпасақ деймін», – дейді Бақтияр Оспанов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Дінтанушы тұрмыстық жанжалдан бүкіл облыс тұрғыны, ұлт пен ұлыс, тіпті, барлық халық зардап шекпеуі керектігін жеткізді.
«Ұлттың жаманы болмайды, адамның жаманы болады. Ойлап қарасақ, кейде мұндай жағдай ағайынның ішінде де болып жатады. Сол балалардың әкесі сексендегі ақсақалды соққыға жық деп айтпаған шығар. Ақылмен, сабырмен қарайтық болсақ, бұл тұрмыстық жанжалдан басталған қақтығыс. Біз оны қолдан ушықтырып отырмыз. Бір-екі адамның жамандығынан бүкіл ұлт пен ұлыс зардап шекпеуі керек. «Жоямыз, қырамыз» деп ұрандатқанымыз, үйлерін өртегеніміз – масқара жағдай. Сол өртенген үйде бесіктегі баласы жатпағанына кім кепіл? Ол үйлерде тоқсандағы аяққа тұра алмай жатқан анасы бар шығар. Осы жағын ойландық па? Бала-шағасын асырап, нан тауып отырған кәсібінде неміз бар? Мұндай масқара тірліктерге бармауымыз керек», – дейді Бақтияр Есенгелдіұлы.
Ол Қордай ауданында орын алған жағдайға кінәлі адамдар заңды түрде жазалануы тиістігін баса айтты.
«Біз қазіргі таңда халықты сабырға шақырып, заң аясында жұмыс жасауымыз қажет. Біздің елімізде заң өте қатал, соған бағынуымыз керек. Жалпы, жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймын. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі. Сабырға келейік, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз дұрыс», – деді дінтанушы Б. Оспанов.
09 ақпан 2020 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам