Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Татулық тірегі – достықта

Татулық тірегі – достықта

Қазақтың байтақ даласы сан түрлі этнос өкілдерінің ортақ отанына айналды. Сондықтан 1 мамыр – жыл сайын халқымыздың бірлігі күні ретінде еліміздің барлық өңірлерінде тойланады.
Атаулы мереке еліміздегі ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығымен ерекшеленеді. Айрықша маңызға ие бұл мерекені Қызылорда қаласының халқы да жоғары деңгейде атап өтті.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Татулық тірегі – Сыр елі!» атты шараны облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов ашып, барша қызылордалықтарды құттықтап, егемен еліміздің ертеңі үшін ынтымақ пен бірлікте болуға шақырды.
– «Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ел бірлігінің ұйытқысы, рухани құндылықтардың қайнар көзіне айналды. Қазақта «Бағалағанға бақ қонады» деген қанатты сөз бар. Біздің бағымыз да, барымыз да – Тәуелсіз Қазақстан! Азаттық көктен түсе салған сый емес. Ол – бабалардың қанымен, ерлігімен келген ұлы бақыт. Кезінде Түркі елінің ұлы қайраткері Күлтегін «Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деген екен. Ендеше бірлікті ту етіп, елімізді, тұғырлы тәуелсіздігімізді асқақтатуға үлес қосайық, ағайын! Отбасыларыңызға амандық, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Бірліктің мерекесі құтты болсын!», – деді Қ.Ысқақов.
«Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар, көпшілік сахнадағы бишілер, жекелеген би ансамбльдері, Сыр өңіріне белгілі өнерпаздар, «Сыр сандуғаштары» және «Көңілді ноталар» вокалды бүлдіршіндер тобы ән айтып, би билеп, халықтың көңіл-күйін көтеруде аянып қалмады.
Шараның өз дәрежесінде өтіп, мереке ажарын келтіруге өз үлесін қосқан тағы бір өнер ұжымын айрықша атап өткен жөн. 2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланса, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы. Екі Ел арасындағы достықтың нышаны ретінде «OSYO» өнер ұжымы Өзбек елінен арнайы келіп өнер көрсетіп, халық ықыласына бөленді.
Шара облыс орталығында қалалық филармония өнерпаздарының концерті, "Шығармашылық Арбатта" қолөнер шеберлерінің көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жалғасты. Жалпыхалықтық мерекеге жиналған жұртшылық достық пен ынтымақ, бірлік құшағындағы тәуелсіз Қазақстан халқының іргесі сөгілмесін деген тілекте тарқасты.
«Ақмешіт-ақпарат».
03 мамыр 2019 ж. 1 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам