Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мектеп асханалары талапқа сай ма?

Мектеп асханалары талапқа сай ма?

  Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бақылауында 296 мектеп бар.    Жаңа    2019-2020 оқу  жылындағы есеп бойынша онда барлығы 162 649 оқушы білім алады. Оның ішінде тұрмысы төмен отбасынан шыққан 26 880 бала жалпы міндетті оқу қоры есебінен 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі күні ыстық аспен тамақтандыру мәселесі облыстағы 296 мектептің 284-інде ұйымдастырылған.
2019 жылы жеке кәсіпкерлерге жалға берілген 278 мектеп асханасының 239  ерекше тәртіп бойынша тексерумен қамтылды. Тексерулер барысында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен санитариялық қағидалардың келесі талаптарын бұзушылықтар орын алды:
- мектеп асханаларының санитариялық қағидалар талаптарының сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы;
- асханаларда су, кәріз, жасанды желдеткіш жүйелерінің істен шығуы;
- тағам өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы; 
- перспективалық ас мәзірі талаптарының орындалмауы;
- тауарлар көршілестігі тәртібінің сақталмауы (піскен және шикі өнімдердің бірге сақталуы);
- ылғалды тазалау, ыдыс жуу ережелерінің, асхана қызметкерлернің жеке бас гигиенасының сақталмауы;
- өндірістік бақылаумен қамтамасыз етілмеуі. Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру мектеп асханаларын жалға алған кәсіпкерлер үшін міндетті талап болып табылады.
Тексеру барысында бактериологиялық зертханаға алынған 4613 шайындының 450 сынамасынан (10%) ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталған, сонымен қатар 559 тағам үлгісінің 63-нен және 463 ауыз су үлгісінің 59-нан (13%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған.
Ас құнарлығын анықтау үшін санитарлық-химиялық зертханаға 674 тағам  үлгісі алынып, оның 104-і (15,4%) белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес болмай шықты.
Залалсыздандыру ерітінділері бойынша 540 сынаманың 109-нда сапалы дезинфекция жасау үшін ерітінді концентрациясының қалыпты нормадан ауытқушылығы анықталған.
Ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижесінде санитариялық қағидалар  талаптарын  бұзғаны үшін 5 908 500 теңгеге көлемінде 189 айыппұл салынды, 119 санитариялық ұйғарым берілді, 3 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетіліп, 7 материал облыстық ауданаралық экономикалық сотқа жолданып, Жаңақорған ауданында 4 мектеп асханасы уақытша тоқтатылды.
13 ақпан 2020 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам