Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 400-ге жуық азық-түлік өнімінен сәйкессіздік анықталды

400-ге жуық азық-түлік өнімінен сәйкессіздік анықталды

    Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында 2019 жылы сауда объектілерінен барлығы 3035 азық-түлік өнімін сатып алды. Оның ішінде  отандық өнім – 986,  ЕАЭО елдерінде өндірілгені – 1739, өзге елдерден әкелінген өнім – 310.
Сатып алынған өнімдерге зертханалық сараптама жүргізіліп, нәтижесінде 396 өнімнен сәйкессіздік анықталды.  Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша-125 өнім, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша-110 өнім, қауіпсіздік көрсеткіштер бойынша-1 өнім талапқа сай болмай шықты. Ал құрамы, жарамдылық мерзімі мен өндірушісі, сақтау шарттары туралы мәліметтері мүлде көрсетілмеген 156 өнім анықталды. Сонымен қатар, 3 өнімде құрамындағы нитраттың саны мөлшерден тыс болып шықты.
Тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет және ет өнімдерінің, сүт және сүт өнімдерінің, кондитерлік өнімдердің үлесінде. Сараптамаға алынған 91 алкогольсіз энергетикалық сусындардың 7-еуі талапқа сай болмай шықты. Үш түрінде таңбалануы дұрыс болмаса, қалған төртеуінің құрамында кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп болып шықты.  Нәтижесінде сауда сөрелерінен 256,16 кг тағам өнімі сатылымнан алынып, заңнамаларға сәйкес ұйғарымдар берілді. Жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп,  2 195 850 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің 
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі
08 қаңтар 2020 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам