Қызылорда қаласы тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасының 17.04.2014 жылғы №194-V санды «Жол жүрісі туралы», 17.07.2001 жылғы №245-II «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 22.07.2016 жылғы №757 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жол қозғалысықауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жасанды кептелістерді болдырмау мақсатында Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы – Қойсары батыр, Н.Назарбаев даңғылы – Елемесов, Н.Назарбаев даңғылы - Жүнісов, Н.Назарбаев даңғылы – Номад мейрамханасының шыға беріс тұсына, Н.Назарбаев даңғылы – Алты Алаш, Н.Назарбаев даңғылы – Нұрымов, Н.Назарбаев даңғылы - № 101 мектеп лицейінің шыға беріс тұсына, Абай даңғылы – Ажаров, Абай даңғылы – Ергешбаев көшелерінің қиылыстарына 3.18.2 - «Солға бұрылуға тыйым салынған» 9 дана жол белгілері орнатылып және Н.Назарбаев даңғылы -Сыр Мұрабы Нұртаза, Н.Назарбаев даңғылы – Өндірбаев көшелері қиылысындағы 3.18.2 - «Солға бұрылуға тыйым салынған» 2 дана жол белгілері (тозуына байланысты) қайта орнатылды;
Абай даңғылы – Т.Әубәкіров көшелері қиылысы және Облыстық медицина орталығынан Абай даңғылына шыға беріс жолдағы 2.4 - «Жол беріңіз» жол белгілеріне қосымша 4.1.2 - «Оңға жүру» 2 дана жол белгілері орнатылғандығы хабарланады.
Қызылорда облысының Полиция Департаменті