Жүргізушілер назарына!
Қазақстан Республикасының 17.04.2014 жылғы № 194-V санды «Жол жүрісі туралы», 17.07.2001 жылғы № 245-ІІ «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 22.07.2016 жылғы № 757 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы (Жібек жолы көшесі) – Әли Мүсілімұлы көшелерінің қиылысында құзырлы органдардың жауапты қызметкерлерімен бірлесіп зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған қиылыста Әли Мүсілім көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай көлік құралдарының 6 /алты/ жолақты жолға солға қарай бұрылу барысында қауіпті – апаттық деректердің орын алатындығы анықталып, аталған қиылысқа 2.4 – «Жол беріңіз» жол белгісіне біріктіріп 4.1.2 – «Оңға жүру» 1 дана жол белгісі орнатылды.