Агенттік өкілдері мемлекеттік кірістер департаментінде болды
Қызылорда облысына жұмыстық сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб басшысы Ырза Тұрсынзада және Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында келген қонақтар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік қасиетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Арман Бердалин өз сөзінде қатысушыларға Агенттіктің қазіргі таңдағы басты мақсаттары мен міндеттері туралы сөз қозғаса, Ырза Тұрсынзада өз сөзінде ақпараттық – ағартушылық штабтың қызметі мен маңыздылығын атап өтті.
Қорытындылай келе спикерлер кірістер департаментінің қызметкерлерін өз еңбектеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықты жоюдағы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға бірге атсалысуға шақырды.