СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бас маманы 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеі» атты төртінші бағытын жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы тоқталды. А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндірді. Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы әңгімелеп, семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіруге шақырды. Семинар соңында қызметкерлерге тақырыптық бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.