Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қарлығаштың қарғысы

Қарлығаштың қарғысы

 Ай мен күнді, жер мен көкті, ауа мен суды, онда тіршілік ететін адам мен жан-жануарларды, аң мен құсты... бәрін-бәрін Алла Тағала жаратқанын мойындамасқа хақымыз жоқ. Дей тұрсақ та табиғаттың тылсым сырларына мән бермей қарайтынымыз қалай?
Өткен жылғы жаз айының жаймашуақ бір күні еді. Күнделікті күйбең тіршілік қамымен ерте тұрған Айгүл үй әктеп, тазалық жүргізейінші деген оймен жылдам шайын ішті де жұмысына кірісті. Төргі бөлмеден бастап, барлық үй жиһазын тысқа шығарып жүріп бөлме бұрышында тұрған қарлығаштың ұясын көріп, «осы құстың-ақ ұя салмайтын жері жоқ екен»,- деп қолындағы сыпырғышымен түртіп-түртіп түсіріп тастады. Әлгі жерге түскен құс ұясының ішінде қызылшақа балапандар өсіп келеді екен. Оны көргенімен елеп жатқан келін жоқ. Сыпырғышымен қалағына салып алды да далаға апарып лақтырып тастай салды. Сүт пісірім уақыт өткенде аузында тістеген шөбі бар бір қарлығаш ұшып келді де ұясының бұзылғанын көріп, шырылдап кетті.
Ал, жас келіншек болса ыңылдап әндетіп өз ісімен айналысуда. Бұған мән бермеді. Бір мезетте манағы қарлығаш қайта пайда болды. Бұл жолы баласын жоқтаған жандай ұясының орнын әктеп жатқан Айгүлді үш қайтара айналды да көз көрмеске ұшып кете барды.
Ал, сосын не болды десей, келіншектің аяғы үстел үстінен тайып кетті. Жәй құлаған жоқ, құрсақтағы сәбиге зақым келді, ол шетінеп кетті. Өзі емханаға жатқызылды. Дәрігерлер «көп уақытқа дейін бала көтере алмайсыз, өзіңізге көп күтім керек» деген диагноз қойып, келіншекті үйіне қайтарды. Үйге келсе бұрынғыдай ақжарқын кейіптегі ата-енесі де, еркелетіп қарсы алатын күйеуі де жоқ. Бәрінің жүзінде мұң, жанары суық.
Арада жүрдек пойыздай зымыраған күндер бірінің артынан бірі өте берді. Күні кеше ғана шаттығы шалқып, табысы тасып жатқан отбасының бір-ақ күнде берекесі, ерлі-зайыптылардың арасындағы махаббаттың мәні кетіп, бір-біріне деген сенім мен сыйластық сезімі суыды.
Әр сөздің иесі бар, қай нәрсенің де киесі бар деген осы шығар.
Осындайда марқұм Ажар әжемнің «Балам, о дүниеде судың да сұрауы болады. Ешкімнің еңбегін жеме, ала жііптен аттама. Жаратушы Алла Тағаланың алдында барлығының да есебі болады. Абай атаңның «ақырын жүріп, анық бас» дегенін ұмытпа» дейтін өсиеті еріксіз ойға оралады.
Технология дамыған заманда қолынан ұялы телефоны түспейтін, қашан көрсең әлеуметтік желіде желіп жүретін жастарымызға ой түрткі болар деген мақсатпен жас келіннің басынан өткен оқиғасын айтқым келді.
Тұрар ШАЙДІЛДАҰЛЫ.   
18 ақпан 2020 ж. 1 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам