Полицейлер Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттерімен кездесті

Шара барысында тәртіп сақшылары студенттерге криминалистикалық фотосурет-криминалистикалық техниканың бір бөлімі екендігі туралы ақпарат берді. Ол ғылыми ережелердің жүйесін және олардың негізінде әзірленген, қылмысты ашу және болдырмау үшін дәлелдерді тіркеу және зерттеу кезінде қолданылатын фотосуретті әдістерді, құралдарды және тәсілдерді білдіреді.
Сондай-ақ, фотосурет ішкі істер органдарының жұмысында ерекше орын алады және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде дәлелдемелі ақпаратты тіркеу құралы ретінде кеңінен қолданылады.
Студенттер сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полицейлерге осындай форматтағы кездесу үшін алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі