Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

Архивтегі фотоПолицейлер жүргізуші куәлігін беру кезінде азаматтармен байланысқа түспейді  
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу-емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұл бөлімнің функциялары Халыққа қызмет көрсету орталықтары  (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лардың барлығы қарайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі.
Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданып келеді. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауда. Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды.  
1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды.
"Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу кезінде полиция азаматтармен де, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен де байланыса алмайды", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.
Құжаттарды тексеруге өтінімдерді бөлу полиция қызметкерлері арасында автоматты түрде жүргізіледі. Бұл адам факторын жояды.
Сонымен қатар, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде тексеру процедурасынан толықтай бас тарту жоспарланып отыр.
Арнайы ХҚКО жоқ қалаларда тіркеу-емтихан бөлімінің міндетін қарапайым ХҚКО-лар атқарады.
25 сәуір 2019 ж. 1 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам