ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЫНЫ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан зауыттың құрылысын көрді. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті.
– Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Қазақстан Президенті.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.