Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Салмақ қоспаудың амалы

Салмақ қоспаудың амалы

   Қыс мезгілінде көпшілігі артық салмақ қосып алады. Ал артық салмақтың өзіндік машақаты мен әуресі бары белгілі. Ендеше қыстыгүні артық салмақ қоспаудың негізгі жолымен таныса отырыңыздар.
Артық салмақтан арылудың ең тиімді жолы – дұрыс ашығуды үйрену. Ұзақ уақыт ашығу – семіздікті, терінің және шырышты қабаттың ойық жараларын, экземаны емдеуге қолданылады. Оның түк те қиындығы жоқ. Тек мына төмендегі жайларды есте ұстаған дұрыс. 1. 3-7 немесе 10 күн ашығу – ағзаны қалдықтардан және токсиндерден тазартудың тамаша әдісі. Қысқа мерзім 1-3 күндік ашығу хирургиялық оталардан соң, әсіресе жоғары температурамен қатар өтетін асқазан-ішек және респираторлық жұқпалардан кейін тез сауығуға көмектеседі.
Бір күндік ашығу — барлық сау адамдарға, кез келген жастағыларға да ұсынылады. Аптасына бір күнді тек қайнатылған су ішіп өткізу көп адамдар үшін қажеттілікке айналады. Ол әсіресе әйелдерге тиімді. Мұндай ашығу асқазан-ішек жолына жасалған үлкен жеңілдік.
3-14 күндік ашығулар тек асқазан-ішек жолын тазартуға көмектеседі, ал 3-30 күндік ұзақ ашығулар ағзаны жылдар бойы жинақталған дерттерден дәрісіз сауықтырады.
Ағзаға ас түспеген кезде ол өз-өзін қорыта бастайды. Ең алдымен май мен жаман, ауру жасушалар қорытылады. Нәтижесінде май қатпарлары азаяды, тері жақсарады, ойық жаралар жазылады. Көбіне 3-7 күндік ашығулар ағза түрлі қалдықтарға толғанда аса пайдалы. Ағзаның ластануы әлсіздіктен, енжарлықтан, бастың ауруынан, дене және ақыл-ой потенциялының төмендеуінен көрініс табады. Ашығудан соң мұндай адамға «қанат бітіп», өзін аса сергек сезінеді. Кейде ашығу арық адамдардың толуына да көмектеседі. Бұл кезде ағзада зат алмасу күшейеді және ашығу аяқталған соң адамның ас қорыту және қоректік заттардың сіңіруі айтарлықтай жақсара түседі.
Есіңізде болсын, ашығу әр адамға әр түрлі әсер етеді және нәтижесі де әр түрлі болады. Ашығудың әсері адамның салмағына, дене бітіміне, жасына, физиологиялық ахуалына, өмір салтына, қалыптасқан әдеттеріне, тіпті отбасы жағдайына да байланысты. Сондықтан ағзаны мұндай стреске ұшыратпас бұрын, ол сізге қажет пе, оған шыдай аласыз ба, сізге ол пайда әкеле ме, соны ой сарабынан өткізіп алыңыз. Дәрігермен ақылдасыңыз. Сонымен қатар ашығу – адамның ерік-жігерін сынайтын әдіс екенін ұмытпаңыз.
20 ақпан 2020 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 039 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам