Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЛДЫҢ БЕС ҚАСИЕТІ

БАЛДЫҢ БЕС ҚАСИЕТІ

  Бал – әртүрлі аурудың алдын алуға және оларды емдеп жазу көмектесетіні белгілі. Тіпті балды қант диабетіне де қолданады екен.
  Бал – өте күшті антиоксидант. Ол терінің демалуына және оның ерте қартаюға алып келетін ағзадағы уытты заттарды шығарады. Оған қоса, балдан маска жасаса бет терісі жұмсара түседі.
Артық салмақтан арылуға балдың да көмегі бар екен. Көпшілігі балды тәттіге жатқызып, салмақ тастауға еш пайдасы жоқ деуі мүмкін. Алайда дәрігерлердің өзі бал адам бойындағы метаболизмді жақсартатынын мойындаған. Ал бұл дегеніміз – артық салмақтың тез кетуі.
Бір қызығы, балдың құрамында холестерин жоқ. Алайда оның құрамында холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетін микроэлементтер бар. Мәселен, балды күнделікті қолданған ағзада антиоксидант қосылыстарының деңгейіне оң әсер ете отырып, өз кезегінде жоғары холестерин деңгейімен күреседі.
Балды үзбей пайдалануы жасы келген адамның барлығына пайдалы. Себебі, бал жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Балдың құрамына кіретін антиоксиданттар артериялардың тарылуының және қан ұйыуының алдын алатыны медцинада дәлелденген.
Бал жеп жүрген адамның есте сақтау қабілеті жақсы болады. Әлдеқайда жақсы дамығаны ғылыммен дәлелденген. Және олардың қартайғанда ұмытшақтыққа шалдығу ықтималдығы нөлге тең. Өйткені балдағы кальций миға жақсы сіңіп, мидың жұмысына жағымды әсер етеді.
Дұрыс ұйқы – денсаулық пен сұлулықтың кепілі. Ал бал тез ұйықтауға ықпал ететін гормон – серотониннің өндірілуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан ұйқы алдында бір қасық бал жеп жатсаңыз жақсы ұйықтайсыз.
Таңертең аш қарынға бір қасық бал жесе асқорытуды жақсартады. Осы арқылы асқазан жолында бактерияларды жойып, оның шырышты қабығындағы жараларды емдеп, асқазан-ішек жолдары ауруларының пайда болуына жол бермейді.
Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ

29 қаңтар 2019 ж. 2 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 074 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам