Биснесмен бикеш
Гүлжан Талапқызы Молдажанова Алматы қаласында 11 маусым 1966 жылы туған. Ресейде танымал тұлға, белгілі бизнесмен.
Ол 1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша үздік бітіреді. Сөйтіп 1991-1994 жылдары Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын аяқтап, кандидаттық диссертациясын қорғайды. Ал, 1998 жылы Ресей Федерациясы жанындағы Қаржы академиясын халықаралық экономикалық қатынастар факультетін, 2001 жылы Антверпен университетінің бизнес мекттебін тәмәмдайды.
Гүлжанның мұнан кейінгі еңбек жолы тікелей ғылымға бағытталды. Алдымен С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде физика және қатты дене тақырыбында зерттеу жүргізді. Сонан соң Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми қызметкер болды.
1995 жылдан бастап бизнес саласына бұрылды. Oлег Владимирович Дерипаской құрған «Алюминпродукт» компаниясында хатшы, есепші, қаржы менеджері, коммерциялық директор баспалдағынан өтті. Іс-тәжірибесі бағаланып, "Русский алюминий" компаниясының сату және маркетинг бойынша директор болды.
Гүлжан Талапқызының өсу қадамы алюмин бизнесі бойынша атқарушы директор болғанда тағы білінді. Іскер қыз әлемдік нарық пен бағалы металл саудасын жақсы жолға қойды. Бұл "Базовый элемент" компаниясының бас директоры лауазымына тағайындалғанда онан сайын дәлелденді.
Бизнесте бағы жанған бикешті ұлтына қарап ешкім бөлмейді.Қайта оны қолдайды. Себебі де бар, Гүлжан бәріне ортақ мүдде жүктеп, мақсатқа жетудің мүмкіндігін қарастырады. Мысалы Григорием Березкиннің өзі оған қолқа салып, «ЕСН» корпарациясына бас директор етіп қойды.
Оған Қазақстаннан да ұсыныс түсті. Арнайы Үкіметтің қаулысымен Гүлжан Молдажанова «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі құрамына сайланды. Онда тәуелсіз директор ретінде атсалысты. Дегенмен 2012 жылы "Базовый элемент" компаниясына қайта оралды. Бұл жолы холдингтің бақылаушы кеңесі төрағасына тағайындалды.
Ресейлік әріптестерінің айтуынша, Гүлжан істің көзін білетін, өндіріс пен бизнесті қатар алып жүретін, ең бастысы, одан мол пайда табудың жолында жақсы меңгерген. Сондықтан аянбай еңбек етеді, көп ізденеді. Басшы ретінде ұжымды ұйыстыруда өте қарапайым, әділетті, шыншыл.
2008 жылы американдық іскер «Forbes» журналының бағалауы бойынша Гүлжан Молдажанова әлемдегі 100 белгілі әйелдің ішінде 37 орынға көтерілді. Сонымен қатар Ресейдің 100 әйгілі әйелдері тобына кірді.
Қ.ҚҰРБАН.