«Қайсар» таланттарды іздейді

– "Қайсар" футбол орталығының әрбір тобы облысымыздың намысын қорғайтын болғандықтан біз аймақтан да футболшыларды іріктеуден өткізіп жатырмыз. Талантты футболшылар ауылдан да шығады. Сондықтан біз іс-сапарымызды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз, – деді орталықтың жаттықтырушысы Бекежан Жаңатаев.
Айта кетейік, бапкерлер қосыны алдағы уақытта Шиелі және Жаңақорған аудандарында іріктеу өткізеді.