Олжас Акимов балғын футболшыларға сәттілік тіледі

–«Қайсар» футбол клубы өткен жылы Қазақстан кубогын жеңіп алғанын білесіздер. Осындай биік белесті болашақта бағындыруларыңыз керек. Бастысы, бас бапкердің қойылған талабы мен берген ілімін меңгерулерің қажет. Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев секілді «Қайсардың» белді ойыншылары болуларыңа тілекшімін. Болашақта біздің команда легионерлердің көмегіне жүгінбеуі тиіс. Сондықтан жаттығуға мұқият көңіл бөліңіздер. Кәсіби футболшы болуға барлық жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі мол футбол орталығында сапалы футболшы шығатынына сенімім жоғары. Шымкент қаласынан жоғары нәтижемен оралуларыңа сәттілік тілеймін, – деді Олжас Азатұлы