Үміт алдамайды

Сонымен ректордың қабылдау бөлмесінде отыр. Өзі не деп айтарын да білмейді. Оған орысшасы да жетпейді. Күн кеш болды, жұмыс уақыты бітіп барады. Бір кезде ректор кабинетінен шықты да: – Сен кімді күтіп отырсын? – деді.
–Сізді.
–Не үшін?
–Емтиханнан құлап қалып...
Ол өткір көзімен бастан аяққа, аяқтан басқа дейін зер салды да: –Кабинетке кір, – деді. Сөйтіп көмекшісіне, проректорға телефон соқты: –Қазақстаннан келген мына баланы оқуға қабылдау керек!
Қанымбек осылай ешбір емтихансыз оқуға қабылданып кетті. Ол алты ай өткенде орысшаны меңгеріп, бес жыл оқып институтты да сәтті бітірді. Диплом алар сәтте ол ректорға кірді.
–Сіз ұмытпаған шығарсыз, мені емтихансыз оқуға қабылдап едіңіз. Мұндай шешімді не үшін жасадыңыз?–Үсті-басыңды көзбен сүзіп тұрып, аяғыңдағы соғыс жылдарындағы ескі етіктің тап-таза жылтыраған кейпіне қарап: – Аяғын сыйлаған адам, басын да сыйлайды, – деп ойладым, – сол үмітім мені алдамады.
Қаныбек Әбдуов.