Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Абай ұлағатын ұрпақ санасына сіңіріп келемін - Альбина Гадирова

Абай ұлағатын ұрпақ санасына сіңіріп келемін - Альбина Гадирова


 
Қызылордалық Альбина Гадирова орыс мектебінде қазақ тілінен сабақ береді. Елімізге қадам басқанына ширек ғасырдан басқанына уақыт өткен ол содан бері қазақ тілін жетік меңгеріп алды. Бүгінде қазақ халқының дәстүрі, тарихы, әдебиетін үйреніп, оны өзге этнос өкілдеріне дәріптеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Альбинаның ұлты - лезгин. Әкесі мен анасы Латвияда танысып, сонда отау көтерген. Альбина сол елдің Юрмала қаласында дүниеге келген. Одан кейін екі жас қазақ еліне келіп, бақытты ғұмыр кешті. Қазақстанға 1994 жылы қоныс аударған. Десе де, азаматтық алуда біраз қиындыққа тап болған. «Анам сол кездегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы хат жазған. Сол арқылы азаматтыққа қол жеткізген. Мен үшін қазақылық қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің әрдайым орны бөлек. Дәл осы жерде қазақ тілін жетік меңгердім. Әкем лезгин болса да, қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанып өтті. Мен де сол бағыт-бағдармен, қазақ еліне, тіліне деген сүйіспеншілікпен өз жолымды салып келемін. Қазір орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беремін. Қазақтың ұлы ақыны Абай даналығын жас ұрпақ санасына сіңіруге күш салып келемін», - дейді Альбина. Оның айтуынша, ұстаз беделін шәкірті көтереді. Ол әрбір оқушысын мақтан тұтады. Білім сапасы мұғалім жұмысының көрсеткіші екенін айтады. Альбинаның шәкірттері пәндік олимпиадада, ғылыми жоба жарыстарында жоғары деңгейден көрініп келеді. «Шәкірттерім республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми жобалар сайысынан толайым табыстармен оралып жүр. Тұңғыш Президент - Елбасының қолдауымен өмірімізге енген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұстаз ретінде жастарды өлке тарихымен сусындатуға мән беремін, Қазақтың киелі жерлермен таныстырып, туған жерді қастерлеуді үйретудеміз. Сыр өңірі ұлттық және әлемдік тарих беттеріне атын алтын әріптермен жазып қалдырған тұлғаларға кенде емес. Ендігі кезекте жас буынға аға буын ұрпақтары қалдырған мол мұраны, өмірлік аманатты жадында сақтап, абыроймен көтеріп жүруіне жәрдемдесуіміз керек. Алайда, ұстаз және екі баланың анасы ретінде осы тәрбие жұмыстарын әрбір ата-ана отбасында да жүргізгенін қалаймын. Бүкіл арман-мақсатымды орындауға қолдау білдіріп келе жатқан жерлестеріме ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқы барлық этнос өкілдерімен тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер біздің еліміздегі осындай бірлік, татулық, ауызбірлікке қызыға қарайды. Сондықтан қашанда жайдары жүзді, дархан пейілді, жылы жүректі қазақ халқына алғысымыз шексіз», - дейді Альбина.

26 ақпан 2020 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 437 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам