Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпияны білесіз бе?

Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпияны білесіз бе?

    Ғалымдар адам баласы жетістікке жету үшін, өз отбасының ынтымағын сақтау үшін, кейбір мәліметтерді айтпау керек деген пікірдe. Осы орайда Muslim.kz сайтына  ешкімге тіс жаруға болмайтын жеті құпия туралы жазады.
1. Келешекке құрған жоспар
Жоспар толыққанды орындалмайынша ол туралы айтпаған жөн. Адамның ойы бастапқыда әлжуаз болады.
2. Қайырымды істер туралы ешкімге айтпау
Қайырымды іс - жер бетінде сирек кездесетін құбылыс, сол себепті оны көздің қарашығындай сақтау керек. Өзіңізді жақсылық жасағаныңыз үшін асыра мақтамаңыз. Мақтау адамды тәкәппарлыққа жетелейді.
3. Иманды екеніңіз туралы көпшілікте айтпау
Тамақ, ұйқы, күлкі, төсек қатынасына байланысты шектеулеріңізді ешкімнің білмегені жөн. Тәннің шектеуі көңілдің тақуалығымен үйлессе ғана пайдалы.
4. Жасаған ерлік, батырлық туралы үндемеу
Әр адам күн сайын түрлі оқиғаларды бастан өткереді. Біреу білектің күшімен жеңіп жатса, біреудің ақылы асып-түседі. Күшпен жеңген адамның ерлігі тезірек бағаланатыны рас. Ал ішкі арпалысты барлығы байқай бермеуі ықтимал. Сондықтан ол үшін ешкім марапат бермейді.
5. Рухани жетілу туралы айтпау
Рухани құндылық тек сіздікі. Оны біреуге айтып абырой жинай алмайсыз. Айналаңыздағы адамдардың шын мұқтаждығын көрсеңіз ғана шет жағасын айтыңыз.
6. Үйдегі ұрыс-керіс пен отбасылық өмір туралы үндемеу
Отбасыңыздағы ұрыс туралы неғұрлым аз айтсаңыз, оның ынтымағы берік бола түседі. Бұл есіңізде болуы керек. Ұрыс - араласу барысында жиналып қалған зиянды қуат.
7. Баяғыда естіген жаман сөздер туралы айта бермеу
Көшеде жүріп аяқкиімді былғап алуға болады. Ал кейде сананы да былғап алатындар табылады. Жолда келе жатып естіген бар қаңсық сөзді үйге келіп айтқан адамның табалдырықтан аттап, былғаныш аяқ киіммен төрге шыққан жаннан ешқандай айырмашылығы жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін балаңызға айтуға болмайтын он сөз туралы жазған едік.
01 наурыз 2020 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам