Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Түскі астан кейін неге ұйқы келеді?

Түскі астан кейін неге ұйқы келеді?

   Түскі астан кейін "бір тынығып алсам ғой", "мына жерде бір жатын орын болса ғой" деп айтатын әріптестеріңіз бар болар. Өзіңіз де талай айтқан боларсыз.
Түскі асты ішкеннен кейін жұмысқа белсенділік төмендеп, білек сыбана кірісу кейде қиындайды. Бұл әлсіздік пе, әлде жалқаулық па? Расында, бұл - табиғи құбылыс . Жалғыз адамдар ғана емес, кей жан-жануарларда да мұндай босаңсу болады. Ғалымдар табиғи заңдылық деп қарайды. 
"Түсте аз уақыт көз шырымын алу - ағзаның бір қалауы" - деп жазады кей зерттеушілер. Әсіресе ыстық аймақтарда түс ауа бір тынығып алу көп кездеседі екен. Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір бейімделу іспетті де. 
Түскі астан кейін ұйқы келуін зерттегендер көп-ақ. Неге тамақтанғаннан соң ұйқы келетініне мән берген. Анығында бұл қанда глюкозаның артуына байланысты екен. Ол артқанда ми бөлігі жасушалары сергектік жайлы ақпарат қабылдамайды. Орексин гормоны аз бөлінеді. Ал бұл гармон адамға сергектік сыйлайды.
Тағам арқылы ағзаға келген көмірсулар да босаңсуға әкеледі. Мұның әсерінен серотонин гармоны бөлініп, адам өзін байсалды ұстай бастайды. Бұдан кейін адам аздап тыныққысы келеді. 
Түскі ұйқы балалардың есте сақтау қабілетіне пайдалы.
Ғалымдар бұған қатысты болжамдары көп-ақ. Мысалы, әр адамның әлсіз тұстары (ағзада) болады. Ас ішкеннен кейін оған көбірек күш түседі, әрі көп қан сонда ауады. 
Нәтижесінде қанайналым аздап "ауытқып", мида оттектің жетіспеуі туындайды. Ас қорытылу үшін ағза адамды ұйқыға "жетелейді".
11 ақпан 2019 ж. 1 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 037 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам