Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда тұратын барлық этнос шын мәнінде бір ұлт саналады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда тұратын барлық этнос шын мәнінде бір ұлт саналады

Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
«Ертең, 1 наурызда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барамын. Қордай ауданының қазақтар мен дүнгендер тұратын ауылдарының тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Біз ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас мәселесіндегі амалдарымызды қайта ой елегінен өткізуге тиісті екендігіміз сөзсіз. Қазақстан достық пен келісім аумағы болды және болып та қала береді. Біздің ұранымыз: сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелді бізді «қазақтар» деп біледі. Өйткені, біздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзден астасып жатыр», – деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанда тұрақты тұратын әрбір этностың өзіндік ерекшелігіне нұқсан келтірмеуі тиістігін баса айтты.
«Олардың барлығы өздерінің тілдерін оқып, қолдануға, мәдениеттерін дамытып, әдет- ғұрыптарын сақтауға құқылары бар және болып та қала береді. Бұған қоса, қазақ тілі де жедел дамуы тиіс. Ол болашақта шын мәнінде ұлтаралық байланыс тіліне айналуы тиіс. Бізге әлемдік ғылым мен мәдениет біліміне жол ашқан орыс тілінің тарихи мәнін төмендетіп отырғаным жоқ. Қазақстан тұрғындары оны жоғары деңгейде білуі тиіс. Мұның бізге тек пайдасы бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
29 ақпан 2020 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам