Тағайындау

Майра Тауекелқызы 2004-2008 жылдар аралығында Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің халықаралық қатынастар факультеті, журналистика мамандығы бойынша білім алды.
Өзінің еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де баспасөз хатшысы қызметінен бастады.
2009-2011 жылдары Қызылорда қаласы, «Все и всем» ақпараттық-жарнамалық журналында журналист, 2011-2014 жылдары ҚХКП Қызылорда облыстық филиалында баспасөз хатшысы, 2015-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті (баспасөз хатшысы) қызметін атқарды.
2017-2020 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің маманы қызметін атқарып келді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұжымы Жүнісова Майра Тауекелқызын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тілейді!