Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШИЕЛІДЕ ӨНДІРІС ӨРКЕН ЖАЙДЫ

ШИЕЛІДЕ ӨНДІРІС ӨРКЕН ЖАЙДЫ

   Соңғы 10 ай ішінде Шиелі ауданындағы өнеркәсіп өндірісі 98,9 пайызды құраған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 5 млрд. 372 млн. теңге өнім өндірілген. Елбасы тапсырмасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды шаралар атқарылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жан-жақты баяндап берді.
Ауданда өндіріс саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінде 4000-нан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Соның нәтижесінде 8 мыңға жуық тұрғын еңбекпен қамтылып отыр. Бұл бағытта тағы 3 жоба жүзеге асады деп күтілуде. Олар "Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС зауыты, "Балауса Сауысқандық" кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты, "Күріш және құрама жем өндірісі" жобасы. Цемент зауыты жылына 1 млн. тонна тампонажды өнім дайындайды. Үшінші жоба бойынша 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна жем өндіру көзделуде. Ал, 2012 жылдан басталған қара тақта тасты автоклавты тәсілмен өндірілген кварцитті ванадий өндірісі екінші кезеңге көшеді. Бұған дейін аталмыш тәсілмен 15 мың тонна өнім өңделсе, енді ол 500 мың тоннаға артады. Үшінші кезеңде бұл көрсеткіш 4 млн. тоннаға дейін өседі деп жоспарлануда. Айта кетер жайт, Шиеліде шұбат өңдеу, сүт және сүт өнімдерін өндіру цехын, «Шиелі құс» өндіріс ошақтары еңбек ете бастады. Алдағы уақытта балық шаруашылығы саласында кооператив құру қолға алынбақ.
Биыл егіс былтырғыдан 1706 гектарға артық егілді. Оған қажетті тыңайтқыштар мен техникалар толық қамтылған. Егін жинау науқаны да еш қиындықсыз орындалған. Мал шаруашылығымен айналысушылар қатары артқан. Шаруа қожалықтарына мал басын асылдандыру шараларына субсидия төленіп, істің алға басуына септігі тиген.
Қазіргі таңда аудандағы 1866 адам жұмыссыз есебінде тұр. Бұл ретте жыл басынан бері 1278 жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғындарды еңбекпен қамту мәселесін шешуде "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы оң нәтижесін беруде.

Айдана СЕЙІЛ.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам