Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тікұшақ апатында қаза тапқандарды еске алды

Тікұшақ апатында қаза тапқандарды еске алды

2008 жылдың 28 ақпанындағы қайғылы оқиға республикадағы бірде бір адамды бейжай қалдырған жоқ. Облыс аумағындағы су тасқынынан қорғау мақсатындағы іс-шаралар барысында Сырдария өзені үстінен бақылау үшін ұшып өткен ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» ММ-нің «МИ-8» тікұшағы Жалағаш ауданы аумағына құлап,  апат алты адамның өмірін жалмап кетті. 
Сол күні қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болғандар қатарында департамент бастығының орынбасары, полковник Қазбек Төреманов, журналист Сағитжан Бермағамбетов, ұшқыштар Виталий Глазунов, Нұрлан Құмаров, Фахретдин Оңғарбаев және Ғалым Нұрмағамбетов бар еді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын тікұшақ апатынан мерт болғандарды еске алу күнін өткізіп келеді. Мемориалдық тақта алдындағы бүгінгі еске алу шарасы бір минуттік үнсіздік жариялаумен басталды. Одан соң әруақтарға арнап Құран бағышталды.
Еске алу шарасында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары  полковник Саид Молдақараев, Қызылорда облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ТЖД бастығының кеңесшісі Тұңғышбай Ботабаев, Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі  Нұрсұлтан Ибрагимов  қаза болған Қазбек Төремановтың отбасысы қатысып, ел үшін еңбек еткен ердің ерлігін айтып, еске алды.
         Қызылорда облысы ТЖД
өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі
03 наурыз 2020 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам