Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бас мүфти мұсылмандарға үндеу жасады

Бас мүфти мұсылмандарға үндеу жасады

Бас мүфти коронавирусқа қарсы арнайы сақтық шараларын қолға алуды тапсырды. Ол бетперде киюге және қол беріп амандасудан бас тартуға кеңес берді.
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орталық аппаратының кезекті жиналысы өтті. Жиында әлемді дүрліктіріп тұрған коронавирус індетін алдын алу, мешіт пен медреселерде сақтық шараларын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

"Біз өз отбасымызға, ұжымға, туған-туыстарға жауапты тұлға болғандықтан, әрқашан сақтық шараларын жасауымыз тиіс. Осы ретте адам көп жиналатын жиындардан, іс-шаралардан, кездесулерден мүмкіндігінше бас тартқанымыз абзал", -деді ол.

Сондай-ақ, Наурызбай қажы қол беріп амандасудан бас тартуға кеңес берді.

"Жамағат намазынан кейін қол беріп амандасып, бір орынға жиналып дұға ету – міндет емес. Мешітке келуші мұсылман қауымынан жұқпалы аурудан сақтану үшін мүмкіндікке қарай бетперде киіп келуін, мешітте топтасып отырмауын, жұма намаздан кейін тез арада үйіне баруын, құлшылық жасаған соң қол беріп амандасып, бір жерге жиналып, сұхбаттаспауын сұраймыз",- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
13 наурыз 2020 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам