Қауіпті вирусқа қауіпсіздік күшейді
Әлемді дүрліктірген қауіпті вирусқа байланысты елімізде қауіпсіздік шаралары қолға алынуда. Енді жалпыхалықтық жиындар өткізу тоқтатылады. Халық көп шоғырланатын аумақтағы жағдай қатаң бақылауға алынады, қауіпсіздік күшейтіледі. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінде шұғыл брифинг өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов пен бірқатар сала басшыСы қатысқан жиында коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында атқарылатын жоспарлы жұмыс барысы айтылды.
Сонымен алдағы аптадан бастап 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында мектеп оқушылары кезекті демалысқа шығады. Жылда 21 наурыздан басталатын каникул аталған індетке байланысты ерте басталуда. Соған сәйкес 3 тоқсан осы аптада қорытындыланады. Ал, колледждер мен университет ұжымы оқу барысын қашықтықтан, яғни онлайн негізде жүргізеді. Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектебінде өтетін конкурстық іріктеу емтиханы кейінге шегеріліп отыр.
Мәдени іс-шаралар өткізуге де тыйым салынған. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі биыл орталық алаңда кең көлемде тойланбайды. Дегенмен, отбасы-ошақ қасында, белгілі бір топ арасында тойлауға мүмкіндік бар. Театр, кинотеатр, мәдениет үйлеріндегі ән кештері, қойылымдар 16 наурыздан бастап тоқтатылады. Спорт саласында да осы қағида негізге алынады. Республика көлеміндегі сайыстар өткізілгенімен, көрермен тікелей трансляция арқылы көре алады. Сонымен қатар мамандар облыстан тікелей шет елге ұшатын әуе рейстерінің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
Қала, аудан аумағындағы медициналық мекемелер аталған вирусқа қарсы бірінші типтегі костюм, қорғаныс құралдары, қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтылған. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында 245 төсек, қосымша 190 орын бар. Бұған қоса Қазалы, Тереңөзек, Қармақшы, Шиелі ауданында 400 орындық провизорлық стационар ашылған.
Айтпақшы, бүгінге дейін шет елде болған 54 азамат ерекше бақылауға алынып, карантин жарияланған. Қазіргі таңда оның 22-сі ғана бақылауда жатыр.

Ақмешіт-ақпарат