Халыққа жақын бол
Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев жұмыс сапарымен Арал ауданында болып, тұрғындармен кездесті. Негізгі - мақсат аудандардағы бөлім жұмыстарымен танысып, халықтың мәселелерін тыңдау.
Алдымен аудан орталығындағы ХҚО-да болып, "Халыққа жақын бол" акциясы аясында 20-дан астам азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді. Аудан тұрғындары әлеуметтік сала, жерсаласы, тұрғын үйсалалары мен мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, Айдын Бөкенбайұлы аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен тіркеу және жер кадастры, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің жұмыстарымен танысты. Филиал директорымен кездесу барысында бөлімбасшылары 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
Айта кету керек, 2019 жылдың қорытындысымен Халыққа қызмет көрсету бойынша Арал ауданы тұрғындарға 60575 қызмет көрсетті. Оның ішінде электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 12002. Ал, 2018 жылыөз-өзіне қызмет көрсету секторы арқылы 67761 азамат қызметалса, 2019 жылыбұлкөрсеткіш 70751-ге ұлғайған. Сонымен қатар, 25741 аралдық тұрғындар мобильді азаматтарбазасына (мГов) тіркелсе, 29433 азаматқа электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) берілді. Бұл ретте аудан тұрғындарының цифрлық дағдыларының артып келе жатқанын байқауғаболады.
Арал аудандық ХҚО бөлімінде мамандандырылған бөлім 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасауда. Мамандандырылған бөлім арқылы 2018 жылы 153 қызметкөрсетілсе, 2019 жылы 3455 мемлекеттік қызмет көрсетілген
Филиал директорының жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасатын болады.