Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 34 ВИП НӨМІР 6 МЛН-ҒА САТЫЛҒАН

34 ВИП НӨМІР 6 МЛН-ҒА САТЫЛҒАН

   Аймақтық коммуникациялар қызметінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев филиалдың 4 айда атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы ақпарат құралдарына брифинг берді.
Шара барысында филиал директоры жыл басынан қосылған жаңа қызметтер мен пилоттық жобалар,  азаматтарды биометрикалық мәліметтеріне қарап анықтау, жеке мәліметтерді қорғау, әлеуметтік төлемдер саласындағы жаңа реформалар, сонымен қатар «Цифрлық сауаттылық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан іс шаралар барысымен таныстырды.
Қазіргі таңда 746 мемлекеттік қызметтің 621 түрі, яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне өткізілген. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2018 жылдың 4 айы ішінде мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы 446 890 мемлекеттік қызмет көрсетіп отыр. Оның 58,2 пайызы электронды түрде.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қайта ұйымдастыруды (реорганизация) сәтті аяқтады. Мемлекеттік корпорацияның миссиясы – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері арқылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру. Қайта ұйымдастырудың күрделілігіне қарамастан, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ешқандай іркілусіз жұмыс жасауына, қызмет сапасын арттыруға нақты іс-шаралар атқарылуда.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» ары қарай дамудың басты трендтері – бұл цифрландыру, бизнес үдерістерді оңтайландыру және трансформация», - деп атап өтті Айдын Бөкенбайұлы.
Филиал директорының айтуынша, Қызылорда облысы бойынша 71 470  зейнет жасындағы азаматтар бар. Қазіргі таңда қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде, енді осы азаматтарға 1 шілдеден бастап көбейтілген базалық зейнетақы төленеді. Мысалы, еңбек өтілі 10 жылға дейін болса 15274 теңге, 20 жыл болса  - 20931 теңге қосылады, яғни зейнетақысына 5657 теңге, ал жұмыс өтілі 33 жыл болса - 28284 теңге, қазіргі алып жүрген зейнетақысына 13010 теңге қосылады.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап 18 жастан асқан  бала кезден 1 топ мүгедектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарына немесе қамқоршыларына 29699 тенге жәрдемақы төленетін болады.
«Жәрдемақы облыс бойынша 574 алушыға төленетін болады. Айта кету керек, бұған дейін бұл жәрдемақыны тек 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-ана алып келген болатын. Мемлекет тарапынан әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жан-жақты жағдай жасалуда. Бұл жаңашылдық та халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған игі шара екені сөзссіз»- деді А.Қайруллаев.
Сонымен қатар, енді автокөлігін тіркеуге келген азамат мамандандарылыған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды. Аталмыш қызметтің бағасы небәрі  6734 теңгені құрайды.
Ал, «вип» нөмерлерге мұндай жеңілдік жоқ. Жыл басынан бері жалпы құны 5 897 060 теңгеге 34 ВИП нөмір сатылған.
«Аймақта халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту шаралары жалғасуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленді. Биыл маусым-тамыз аралығында біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар», «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып облыс бойынша жалпы 50 мың адамды қысқамерзімді курстармен қамту жоспарланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 20 мың қызылордалықтың цифрлық сауаттылығын арттыру көзделген.
Қазіргі таңда мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал мамандарының қатысуымен қысқамерзімді курстар адам көп шоғырланатын орындарда өтіп жатыр. Осы күнге дейін 11 мың қызылордалық цифрлық білімін жетілдіріп, тиісті мағлұматтар алды», - деп хабарлады Айдын Қайруллаев.
Айта кетейік, бүгінде 87 қызметті оңтайландыру және түрлі мемлекеттік органдардағы  531 қызметті жеңілдету шешімі қабылданды. 200-ден аса қызмет электронды түрде электронды үкімет порталында көрсетілсе, 33 қызмет 14 композиттік қызметке бірігіп, ал 12-сі проактивті форматқа көшетін болады.
01 маусым 2018 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам