Айдын Қайруллаев Байқоңыр қаласындағы бөлімдердің жұмысымен танысты
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Бөкенбайұлы Арал, Қазалы ауданындағы бөлімдерді аралап, жұмыс сапары Байқоңыр ауданымен жалғасты. Сапар барысында А.Қайруллаев Халыққа қызмет көрсету орталығы мен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің жұмыстарымен танысып, қызметкерлермен кездесті. Кездесу барысында әр саланың бөлім басшылары өткен жылда атқарылған жұмыстар мен алға қойылған жоспарлар жайын таныстырды. Халыққа қызмет көрсету бойынша өткен жылдың қорытындысымен Байқоңыр қаласының тұрғындарына жалпы 33430 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 2159. Қызмет көрсету бойынша 2018 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсіп отыр. Бұл ретте азаматтардың цифрлық сауаттылықтары артып келе жатқанын байқауға болады. Сонымен қатар, 8571 аудан тұрғындар мобильді азаматтар базасына (мГов) тіркелсе, 17446 байқоңырлықтарға электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) берілді. Ал, 2018 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 2019 жылы 60090 қала тұрғындары Connection point секторы арқылы қызмет алған. Байқоңыр қалалық бөлімінде мамандандырылған сектор 2019 жылдан бастап жұмыс жасауда. Мамандандырылған сектор арқылы жыл көлемінже 2097 азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, филиал директоры "Халыққа жақын бол" акциясы аясында азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік салаға қатысты мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Филиал директорының жұмыс сапары ары қарай Қармақшы ауданында жалғасатын болады.