Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Атадан мұра – амал мерекесі

Атадан мұра – амал мерекесі

–Ата,бір жасыңызбен!
 – Бар бол, қарағым, айналайын...
Таң сәріден басталған осынау ізгі ниеттер күн батқанға дейін жалғасады. Бұл күн Амал мерекесі, яғни, Көрісу күні.
Бүгінде Жер-Ана босаңсып, тоңы жібіді. Көктем мезгілінің шұғылалы шуағы шашылып тұр. Наурыздың алғашқы күнінен мерекенің легі бастау алды. Көрісу күні дегенде анам айтқан мына әңгіме ойыма оралды. «Бала кезімізде жыл сайын наурыздың  14-і күні үйде бауырсақ пісіріліп, жеті күлше таратылатын. Үлкендердің Амал, Көрісу күні деп айтып жатқандарын талай мәрте құлағымыз шалды. Ата-анамызбен бүкіл ағайын-туысты аралап, көрісіп, дәм татып шығатын едік. Дегенмен аталмыш мерекенің қадірін бала кезде онша ұғына бермеген секілдіміз. Қазіргі уақытта бұл салттың мағынасына тереңдей түстік. Біраздан бері көріспеген адамдарды қайта жақындастырып, елдегі ынтымақ пен бірліктің нығаюына себеп болатынына көзім жетті» деген анам бірде бізге сыр ағытып.
Ызғарлы қыс кетіп, шұғылалы көктем келгенде ерекше аталып өтетін мерекенің бірі – Көрісу күні. Бұл мейрам қыстан қысылмай, аман шыққаны үшін шүкіршілік ету ретінде тойланады. Наурыз мерекесінің алғашқы күні де осыдан бастау алады. Шығу төркіні тереңде жатқанымен осы мерекені тойлау енді-енді ғана өрісін кеңейте бастады. Себебі, маңызы зор. Жаңа жылға аман-есен жеткені үшін әрбір адам осылайша қуаныш білдіреді. Жастар жіті түсіне бермегенмен, көнекөз қариялар уақытында оны қалай тойлағанын жыр ғып айтады. Мағынасы тереңде жатқанын ұғыну қиын емес. Бүгінде ол ел ішінде кеңінен дәріптеліп келеді.
Бұл күнікезінде адамдар таңертең ерте тұрып, үйді тазалап, ауланы ретке келтіріп қоятын еді. Содан кейін іңір қараңғысы түскенше барлық туыс пен досты аралайды. Елмен  көріседі. Амандасып шығады. Көрісе келген адамды үй иесі көтеріңкі көңіл-күймен мол дастарханға шақырады. Күн шыққанда есігі ішінен құлыптаулы тұрған үй болмауы тиіс. «Бір жасқа шығуыңмен!», «Қыстан аман шығып, жаңа жылға қадам басуыңмен!»деген ізгі тілек айтылады. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, әрбір  үй өзінің ата-бабасының, қайтыс болған жақын-жуығының басына барып, зиярат етеді.  Осы күні өткен жылдың ренішін жаңа жылға алып кірмеуі үшін адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды. Ренішін ұмытып, татуласады. Ал жырақта жүріп, ағайын-туыспен көрісе алмаған адам еліне барған күні барлығымен «Жылың құтты болсын»! деп көрісуі керек. Оларға бауырсақ, тәтті тағамдар беріледі. Бұл да «жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз мол болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған, – дейді көпті көрген анамыз Үміткүл Сыздықбаева.
Ал дәстүрдің тарихына үңілсек, Омар Хайямның «Наурызнама» кітабында жаңа жылдың 14 наурыздан басталатыны жазылған. Заманында дүниежүзі мойындаған күнтізбе жасаған ғалым. Оның күнтізбесі аса дәлдігімен, әрі күн қозғалысына негізделуімен ерекшеленеді.
 Шын мәнінде халқымыз ілгері де Наурыз айында  мерекені бір ай тойлаған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 8 күндік наурыздама өтетінін жазады. Ол ескіше 1-8 наурыз, қазіргі күнтізбеде 14-21 наурыз аралығы екені белгілі.
Адамдар арасындағы сыйластық, төс қағыстырып, қол алысу – кейінгі ұрпаққа сабақ боларлық қасиеттер. Демек, Көрісу күні үй-үйді аралап, ақсақалдардан бата алған да артық етпес. Бұл күн ақ тілектер ағылатын күн.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
14 наурыз 2020 ж. 1 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам